Өзін-өзі өртемек болған: Қарағандыда арнайы жасақ оқыс оқиғаның алдын алды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Арнайы жасақ жауынгері балкон арқылы пәтерге кіріп, өрт қоюға жол бермеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағандыда арнайы жасақ оқыс оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды қаласында полиция мен төтенше қызмет өкілдері дер кезінде әрекет етіп, тұрғын үйде орын алуы мүмкін ауыр оқиғаның алдын алды.

"102” арнасына жергілікті тұрғын хабарласып, ұлының өзін-өзі өртеуге оқталғанын жеткізген. Алдын ала мәлімет бойынша, 40 жастағы ер адам әкесімен жанжалдан кейін бес қабатты үйдің екінші қабатындағы балконға шығып, қолында бензин құйылған бөтелкемен өзін де, пәтерді де өртейтінін мәлімдеген", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция мен құтқарушылар аумақты қоршауға алып, подъездегі шамамен 40 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Алкогольдік мас күйіндегі азамат құқық қорғау органдарының заңды талаптарына бағынбай, балағат сөздер айтып, келіссөздерден бас тартқан.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров оны берілуге бір сағаттан астам үгіттегенімен, нәтиже болмады. Жағдайдың ушығуына байланысты оқиға орынына жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері шақырылды.

"Жүргізілген операция барысында арнайы жасақ жауынгері үшінші қабат балконы арқылы пәтерге кіріп, өрт қоюға жол бермей, азаматты залалсыздандырды. Қазіргі таңда ол психоневрологиялық диспансерге орналастырылды", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: "Алматыға қарағанда арзан": шетелге көшіп кеткен актриса елге оралды

Новости партнеров