Ең алдымен, келісімшарттағы талаптарды мұқият оқып шығу қажет
Жалға алушы пәтер ақысын бөліп төлеу үшін оның бір бөлмесін туысына, құрбысына немесе бірге тұратын адамға бере ала ма? Заңгерлер қандай жағдайда бұған рұқсат етілетінін және қай кезде қатаң тыйым салынатынын айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Krisha.kz-ке сілтеме жасап.
Пәтерді басқа адаммен бірге жалға алуға бола ма?
Барлығы келісімшартқа байланысты. Ең алдымен, келісімшарттағы талаптарды мұқият оқып шығу қажет.
— Пәтер иесі қосымша адам кіргізуге қарсы болса, онда келісімшартта бұл нақты көрсетілуі керек, яғни бөліп жалға алу мен қосалқы жалгерлікке тыйым салынған деп жазылуға тиіс. Бұл туралы ештеңе жазылмаған жағдайда, тыйым жоқ жерде рұқсат бар деген жалпы ереже қолданылады, — дейді заңгер Бақыт Қасымбеков.
Бірақ келісімшартта жазылмаған екен деп жалға алушы қалағанынша адам кіргізе алмайды.
Туыспен бірге жалға алуға бола ма?
Келісімшартты мұқият оқу қажет. Онда бөліп жалға алуға тыйым салынбауы мүмкін, бірақ нақты тұруға тиіс адам саны көрсетіледі.
Даулы жағдай туындамас үшін заңгер нақты тұратын адам санын келісімшартқа жазып қоюға кеңес береді.
Бөлмені басқа біреуге жалға беру
Жалға алушы пәтерді немесе бөлмені басқа адамға берсе, бұл қосалқы жалгерлік болады. Мұндай жағдайда жалға алушы қосалқы жалға берушіге айналады.
«Келісімшартта қосалқы жалгерлікке тыйым салынбаса немесе ол туралы мүлде айтылмаса, жалға алушы пәтердің бір бөлмесін не тұтас пәтерді үшінші тұлғаға беруге құқылы», - деді Бақыт Қасымбеков.
Бірақ заңгер міндетті түрде пәтер иесіне алдын ала хабарлау керек дейді.
Неге бұл маңызды:
Маңызды жайт: қосалқы жалгерлік мерзімі
Қосалқы жалға беру мерзімі бастапқы жалға алу мерзімінен аспауға тиіс.
— Мысалы, жалға алушы пәтерді 1 жылға алды делік, 6 ай тұрып, кейін оны қосалқы жалға бергісі келді. Бұл жағдайда ол пәтерді қалған 6 айға ғана бере алады, — деп түсіндірді Бақыт Қасымбеков.
Тағы бір маңызды нәрсе: қосалқы жалға алушы пәтерге зақым келтірсе немесе ақысын төлемесе, оған бастапқы жалға алушы жауапты болады. Барлық шығынды бірінші жалға алған адам өтеуге тиіс.
Иесінің рұқсатынсыз жалға берсе не болады?
Жалға беру келісімшартында иесінің рұқсатынсыз пәтерді қосалқы жалға беруге немесе үшінші тұлғаға өткізуге тыйым салынғаны жазылса, келісімшарт талаптарын бұзу деп есептеледі.
Бұл жағдайда пәтер иесі келісімшартты бұзып, пәтерді босатуды талап етуге құқылы.
Келісімшарт талаптары бұзылса не болады:
Оқи отырыңыз: Көкшетауда кимешек киген аналар шеруі Қазақстан рекордтар кітабына енді