Пайдаланылмайтын жерлерге салынатын салық 40 есе арттырылады

06.05.2026 14:31

Құжатта фермерлерге жердің сапасын көрсететін цифрлық паспорт берілетіні жазылған

Енді шаруалар жерді дұрыс пайдаланбаса, салынатын салық 40 есеге дейін өседі. Бүгін төменгі палата тиісті заң жобасын қарады, деп хабарлайды  Almaty.tv.  

Құжатта фермерлерге жердің сапасын көрсететін цифрлық паспорт берілетіні жазылған. Соның негізінде ол тұрақты түрде бақылауға алынып, мониторинг жүргізіледі. Жер емген ағайын жыл сайын агрохимиялық зерттеу жасап, нәтижесін электронды базаға енгізуі керек. Оны мемлекетт бақылап отырады. Егер жердің сапасы төмендейтін болса, фермерлерге алдымен ескерту беріледі. Бір жылда жағдай түзелмесе, салық 40 есеге дейін өседі. Ал бұл талап та орындалмаса, олар субсидиядан айырылып, жер мемлекетке қайтарылады.

«Жерге салық бір гектарға орташа бағамен 1 мың теңге төленеді. Ол өте аз. Көп емес енді былай қарағанда. Ол баға әртүрлі өңірлерде әр түрлі. Ол жердің сапасына баланысты. Ал егер құнарлығы аз болатын болса, ол 200 теңге, 500 теңге болуы мүмкін. Сондықтан қырық есе деген бір гектарға 40 мың теңге төлеуі мүмкін», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Нұржан Әшімбетов.

Оқи отырыңыз: Өскемендегі қорғасын зауытындағы ірі апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды