Пара алған ба: М. Әуезов университетінің ректоры ұсталды

30.09.2024 15:47

Күдіктілер мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28 миллион теңгеден астам пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық экономикалық тергеп-тексеру департаменті бұл ақпаратты растады. Қазір Қайрат Нұрманбетовке қатысты тергеу жүріп жатыр. Әзірге істің тек мемлекеттік сатып алулармен байланысты екені белгілі.

Айта кетейік, университет сайтында Қайрат Нұрманбетовтың лауазымы бұрынғысынша «Басқарма төрағасының міндетін атқарушы – ректор» деп көрсетілген. Ол оқу ордасында 2018 жылдан бері жұмыс істейді.

 

«Ақпарат беріліп жатыр біздің агенттіктен, соны оқып көре берсеңіздер болады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Біз ашып ештеңе айта алмаймыз. Бізден басқа мекемелер де сұрап жатыр», - деді Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Санат Құлбаев.

Оқи отырыңыз: Белгілі әннің авторы Айқын Төлепбергенді сотқа беретінін мәлімдеді