Халықаралық айтыс сайысы Қырғызстан тарихында алғаш рет ұйымдастырылып отыр
17 мамырда Париж қаласында қырғыз-қазақ айтысы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Жогорку Кенештің отырысында депутат Мирлан Самыйкожо айтты деп жазды КАВАР.
Халықаралық айтыс сайысы Қырғызстан тарихында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Іс-шара Қырғызстанның Франциядағы елшісі Садық Шер-Ниязбен бірлесіп ұйымдастырылады.
«Біз Жогорку Кенеш депутаты Шайырбек Ташиевпен және елші Садық Шер-Ниязбен бірге мәдениетімізге үлес қосу мақсатында қырғыз-қазақ айтысын өткізуді шештік. Бұл – болашақ үшін маңызды тарихи оқиға. Қырғыз сөзі, қырғыз тілі бүкіл әлемде шырқалса, комуз әлемнің түкпір-түкпірінде әуелесе, ал біздің ақындар халықтардың бірлігі мен ынтымағын, қырғыздар мен қазақтардың достығын жырласа, өте жақсы болар еді, — деді Мирлан Самыйкожо.
Оқи отырыңыз: Алматыда «Музей түні - 2025» мәдени-білім беру акциясы өтеді