Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағы қайта жаңғырту кезеңінде толық жабылады

08.09.2026 09:07

Жұмыстың аяқталу мерзімі мен келушілер үшін қайта ашылатын күні қосымша хабарланады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жаңарту кезеңінде саябақ аумағы қала тұрғындары мен қонақтары үшін толық жабылады.

Жоба аясында аумақты кешенді көркейту, инженерлік және жүргінші инфрақұрылымын жаңарту, көгалдандыру, сондай-ақ демалыс үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау жұмыстары жүргізіледі.

Саябақ жабық болған кезеңде қала тұрғындары мен қонақтары жақын маңда орналасқан Flow Park аумағын пайдалана алады. Flow Park келушілер үшін ашық. Оған іргелес аумақтарды байланыстыратын жүргінші көпірі арқылы өтуге болады.

Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту жұмыстарының аяқталу мерзімі мен келушілер үшін қайта ашылатын күні қосымша хабарланады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан жаңғырту жұмыстарына байланысты уақытша шектеуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Толық көрсету