Павлодар аспанында ерекше құбылыс видеоға түсірілді

22.05.2026 15:19

Ерекше табиғи құбылысты Майқайың ауылының тұрғыны түсіріп алған

Видеодан кадр

Әлеуметтік желілерде Қазақстанның мемлекеттік туына ұқсайтын аспандағы көріністің бейнежазбасы тарады. Ролик миллиондаған қаралым мен жүз мыңдаған лайк жинап үлгерді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Tengri Life-өа сілтеме жасап

Ерекше табиғи құбылысты Павлодар облысы Майқайың ауылының Мұнара есімді тұрғыны түсіріп алған. 20 мамырда ол бұлттардың пішіні мен күн сәулесінің үйлесімінен таныс бейнені байқаған.

"Міне, қараңыздар: аспанда Қазақстанның туы тұр! Міне, бүркіт, міне біздің күн. Бүгін аспанда еліміздің туы тұр", - делінген видеода.

Видео 1,3 миллионнан астам қаралым мен 150 мыңға жуық лайк жинады. Желі қолданушылары пікір жазбаларында өздері түсірген суреттерді бөлісті.

"Бұл кездейсоқ емес. Гүлдене бер, Қазақстаным! Елімізде тыныштық болып, халқымыз аман-есен болсын", "Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын! Алға, Қазақстан!", "Еліміз өркендей береді", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Айта кетейік, Өскемен тұрғыны да осыған ұқсас кадрды бөлісті. Ол күннің Қазақстан туына ұқсап батқан сәтін түсіріп алған.

Еске сала кетейік, жақында бүкіл әлемнен жиналған Reddit қолданушылары Flags of the World онлайн-турнирінде ең әдемі туды таңдаған болатын. Финалда Қазақстанның көгілдір туы Океаниядағы Кирибати мемлекетінің туынан басым түсті.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық екі спортшы таеквондодан Азия чемпионатында жүлделі болды