Іс-шараның мақсаты - еліміздегі көптеген ұлттың мәдениетімен таныстыру
Хореографиялық қойылымға бес жастағы бүлдіршіндерден бастап, 17 жасқа дейінгі бойжеткендер қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Тереңкөл ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу аясында 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара түрлі халықтардың ұлттық киімдегі бишілерінің композициясымен басталды. Олар украин, қазақ,орыс, өзбек билерін биледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты елімізде достық пен татулықта тұрып жатқан көптеген ұлттардың мәдениетімен, өнерімен таныстыру болды.
«Тереңкөл ауданы мәдениет үйінің «Әдемі» үлгілі би ансамбілі және «Арсен» ЖК-нің тәрбиеленушілерінен құрылған 100 биші қатысты. Көркемдік жетекшісі – ҚР Мәдениет саласының үздігі Құралай Бейсембаева», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: СҚО-да игі іс жасаған баланың ата-анасына айыппұл салынды