Референдумға дейін:
15
күн
11
сағат
38
минут

Павлодар облысында 5 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Прокурордың наразылығы бойынша әкімнің қаулысы қайта қаралды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысына қарасты Май ауданында прокуратура шаруа қожалықтарының біріне жайылымдық жерлерді бөлу кезінде жер заңнамасының бұзылуын анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Прокуратура мәліметінше, әкімнің шешімімен фермерге жалпы аумағы 5 мың гектардан асатын, құны 12 млн теңгеден жоғары төрт жер учаскесі берілген. Алайда тексеру барысында бөлінген жер көлемі шаруашылықтың нақты қажеттілігінен едәуір артық екені белгілі болды.

"Белгіленген жүктеме нормативтеріне сәйкес мұндай жайылымдарда шамамен төрт мың бас ірі және ұсақ мал ұстау қарастырылған. Ал іс жүзінде фермердің иелігінде небәрі 400-ге жуық мал болған — бұл қажетті мөлшерден он есе аз", - делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар жер пайдалану шарттары заңда белгіленген тәртіппен тіркелмеген.

Прокурордың наразылығы бойынша әкімнің қаулысы қайта қаралып, жер учаскелері алынып, мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Оқи отырыңыз: Құқықтық мәдениетті арттыру: Алматы полициясы әлеуметтік бейнеролик әзірледі

Новости партнеров