Тергеу жалғасуда, сондай-ақ олардың басқа қылмыстық эпизодтарға қатыстылығы тексерілуде
Павлодар облысында ақша бопсалады деген күдікпен екі тұрғын құрықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодарда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл қызметкерлері әскери қызметшіден ақша бопсалады деген күдікпен облыс орталығының екі тұрғынын ұстады.
"Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер бірнеше ай бойы әскери қызметшіге моральдық-психологиялық қысым көрсетіп, оның ақшалай қаражатын иемденген. Белгілі болғандай, ұсталғандар бұрын бірқатар қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамдардың ортасында жүрген. Қазіргі уақытта екі күдікті сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, сондай-ақ олардың басқа қылмыстық эпизодтарға қатыстылығы тексерілуде", – дейді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсеитов.
Полиция азаматтарды бейжай қалмауға және кез келген бопсалау немесе заңсыз әрекет фактілері туралы хабарлауға шақырады. Барлық өтініш қатаң құпия түрде қаралады.
Оқи отырыңыз: 2025 жылдың соңына дейін 120 гидротехникалық нысан мемлекет меншігіне өтеді