Павлодар облысында екі көлік бетпе-бет соғысып, бір адам көз жұмды

04.11.2025 16:30

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады

Depositphotos

Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша жүргізуші қаза тапқан фактіге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 4 қараша күні "Атамекен-Курчатов" автожолындағы Айнакөл ауылының маңында "Шкода Рапид" маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, "Ауди-А6" автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

"Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауды, әсіресе қозғалысы тығыз учаскелерде абай болуды, көліктің техникалық жай-күйін бақылауды және ауа райы жағдайының өзгеруін ескеруді еске салады", – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Несиеге мал алғандарға мемлекеттен 85 пайыз кепілдік беріледі