Павлодар облысында жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты

27.12.2025 16:34

Көлік апатынан зардап шеккен бір адам ауруханаға жекізілді

Аlmaty.tv

Павлодар облысында тасжолда екі көлік соқтығысып, соның салдарынан екі адам қаза тауып, бір адам ауруханаға жекізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.   

Облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды. Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 27 желтоқсанда Павлодар – Омбы автожолының Бобровка ауылы маңында Тойота Vitz маркалы автокөліктің жүргізушісі көктайғақ жағдайында көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Хендай Акцент» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Павлодар облысының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдық режимін асырмауға, көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылауға және ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.

Оқи отырыңыз: Орал перзентханасындағы лифтіде қаза тапқан әйел ісі: сот үкім шығарды