Референдумға дейін:
18
күн
11
сағат
12
минут

Павлодар облысында өгей әке үстелді жинамағаны үшін баланы соққыға жыққан

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Баланың анасы оның үстінен арыз жазудан бас тартқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысында баласын ұрып-соққан өгей әкенің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Облыстық полиция департаментiнен хабарлағандай, оқиға 4 наурызда болған.

«Өгей әке кәмелетке толмаған өгей баласын үстелді жинамағаны үшін ұрғаны анықталды. Бастапқыда заңды өкіл өтініштен бас тартқан», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде кәмелетке толмағанды ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Сондай-ақ өтініштен бас тартқан ананың тәртібі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияда қаралатын болады.

Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар салымшылардың 50 млн теңгесін алып кеткен

Новости партнеров