Бұл жағдайды бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі растады
Оқушы қыздың зорланғаны утралы дерек оның сынып жетекшісі арқылы белгілі болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде облыстың бір ауылында 15 жастағы қызды өгей әкесі зорлады деген ақпарат жарияланды. Бұл жағдайды бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенева растады.
"Қыздың сынып жетекшісінің арқасында зорлау фактісі туралы анықталды. Күдікті өгей әкесі ұсталды. Қазіргі уақытта қыз ауруханаға жатқызылды. Қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр", – деді Сәуле Шәкенева.
Облыстық полиция департаментінде зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Оқи отырыңыз: Перизат Қайрат екі айға қамауға алынды