Павлодар облысында лагерьдегі балалар желідегі апатқа байланысты үйлеріне қайтарылды

instagram.com/uocbaldaurenpavlodar
instagram.com/uocbaldaurenpavlodar

Оқушылардың демалысын шұғыл түрде үзуге тура келді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

7 желтоқсанда сағат 5:30-да «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында жылу трассасында апат болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Мектеп оқушыларының демалысын шұғыл түрде үзуге тура келді. 

– Жылу магистраліндегі апат жылу жүйесіндегі қысымның төмендеуіне әкелді. Бұл оқиға төтенше жағдайлар департаментінде тіркелді. Қазіргі уақытта лагерьде болған 86 баланың барлығы Павлодарға жеткізілді. Пайдаланылмаған демалыс күндері үшін қаражат ата-аналардың шотына қайтарылады, – деп жазды қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин.

Оның айтуынша, мамандар аумақты тексеріп, апатты жойып жатыр.

Желтоқсан айында лагерьде жаңа маусым басталып, ата-аналар 86 баланы қала сыртына шығарып салған.  

Айта кетсек, бұған дейін өңірдің бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева Instagram желісіндегі парақшасында «Балдәурен» орталығындағы жағдай туралы жазба жариялаған болатын. Ол мектеп оқушыларының ата-аналарының сұрауы бойынша жоспардан тыс барған. Үй-жайда шынымен салқын әрі тұрақты ұялы байланыстың болмағаны анықталды, ал ғимараттардан бояу иісі шығып тұрған. 

Оқи отырыңыз: Байланыс қызметтерінің бағасы жыл соңына дейін өзгеріссіз қалады

Новости партнеров