Павлодар облысында серігін өлтірген зейнеткерге қатысты сот үкімі шықты

Сот айыпталушының жасы мен денсаулық жағдайын ескеріп, жеңілдетілген жаза тағайындады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысының Ақсу ауданында егде жастағы әйел бірге тұратын ер адамды пышақтап өлтіргені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қайғылы оқиға үстіміздегі жылдың ақпан айында ішімдік ішуден туындаған жанжал салдарынан болған. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, ер адам зейнеткердің ескертулеріне құлақ аспай, оның ар-намысына тиетін ауыр сөздер айтқан. Ашуға булыққан әйел ас үй пышағымен ер адамның кеуде тұсына соққы жасаған. Алған жарақатынан, атап айтқанда жүрегінің зақымдануынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

Сот талқылауы барысында айыпталушының жасы, денсаулық жағдайы және жасаған қылмысының сипаты жан-жақты қаралды. Нәтижесінде сот заңда қарастырылған ең төменгі жазаны тағайындау туралы шешім қабылдап, зейнеткерді 3 жылға бас бостандығынан айырды.

«Оқиға орнынан барлық заттай дәлелдер алынды. Тергеушілер күдіктінің әрекетін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі – адам өлтіру, яғни басқа адамға қасақана өлім келтіру деп бағалады. Объективті тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс 41 сағат ішінде зерделенді», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта сот үкімі жарияланды. Тергеу органдары істің барлық детальдарын мұқият тексеріп, сотқа өткізген болатын.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 303 зертхана жұмыс істеп тұр: ғылым мен бизнестің интеграциясы

Новости партнеров