Павлодар облысында сұйық отын таситын көліктен өрт шығып, бір адам зардап шекті

Дәрігерлердің сөзінше, азаматтың денесі 20 пайызға күйіп қалған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысында сұйық отын таситын көліктен өрт шығып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға Жаңаауыл елдімекенінде болған. Алдын-ала мәлімет бойынша, төтенше жағдай цистернаға бензин құйып жатқан сәтте болыпты. Аймаққа тез арада жеткен төтеншеліктер жалынның өзге де нысандарға таралуына жол бермеді. Ал 56 жастағы ер адам шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің сөзінше, азаматтың денесі 20 пайызға күйіп қалған.

«Азаматтың тыныс алу жолдары зақымданған. Сондай-ақ басы, арқасы, сан жамбасы мен қол саусақтары күйіп қалған. Бүгін науқас жансақтау бөлімінен күйік бөліміне ауыстырылды. Оған шокқа қарсы терапия жүргізілді», – деді Павлодар қалалық № 1 ауруханасының комбустиолог дәрігері Төлеужан Орымбаев.

Оқи отырыңыз: Қан қысымы көтеріліп жатыр: Атырауда сасық иіске тұншыққан тұрғындар дабыл қақты

Новости партнеров