Павлодар облысында тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бір тәулікте тұрғын үй секторларындағы 9 өрт сөндірілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өткен тәулікте тұрғын үй секторындағы өрт салдарынан бір адам қаза тапқанын хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, кезекші тәулік ішінде өрт сөндірушілер Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында тұрғын үй секторларында 9 өртті жойды.

«ТЖМ күштері 3 шаруашылық құрылыстың, 3 жеке тұрғын үйдің және 3 монша өртін сөндірді. Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылында өртті сөндіру кезінде 1984 жылы туған үй иесінің денесі табылды», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде әткеншектен құлап мерт болған жеткіншектің анасы құлатқан баланы табуды талап етеді

Новости партнеров