Павлодар облысында жалған шот-фактура жазумен айналысқан топ ұсталды
Олар түскен қаражат кейін Қарағандыда қолма-қол ақшаға айналдырылған
Павлодар облысында жалған шот-фактура жазумен айналысқан топ ұсталды. Тергеу мәліметінше, олар алдын ала сөз байласып, Астана, Қарағанды және Қостанай облыстарындағы кәсіпорындарға жалған құжаттар рәсімдеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ал түскен қаражат кейін Қарағандыда қолма-қол ақшаға айналдырылған. Іс бойынша сотталғандардың арасында бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте және Қарағанды облысының Полиция департаментінде жұмыс істеген азаматтар бар.
Сонымен қатар топ мүшелерінің бірі бұған дейін де Қылмыстық кодекстің 216-бабы бойынша, яғни нақты жұмыс атқармай, қызмет көрсетпей немесе тауар жөнелтпей шот-фактура жазып бергені үшін жауапқа тартылған. Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, бұл жолы топтың барлық мүшелерінің қылмыстық әрекетіне қатысты дәлелдер жиналған
«Олар қашықтан жұмыс істеген, өзара үйлесімді, кәсіби әрі сауатты әрекет еткен. Сондықтан бұл істі тергеу барысында бізге де қиын болды. Дегенмен қандай жағдай болса да, істің барлық мән-жайы анықталды, сот әділ үкім шығарды», – деді Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Ғалиасқар Қасымов.
Оқи отырыңыз: Асыраушысынан айырылғандарға төлем қай кезде тоқтатылады