Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Күдікті жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бір адам жараланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті екі адамның өліміне, тағы бір адамның жарақат алуына әкелген жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, «Екібастұз – Солнечный» автожолының оныншы шақырымында КамАЗ маркалы автокөлік НефАЗ тіркемесімен қарсы қозғалыс жолағына шығып, Great Wall автокөлігімен соқтығысқан. Көктайғақ салдарынан екі көлік те жолдан тайып, аударылып, сайға құлаған. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, екі автокөлік те мамандандырылған тұраққа қойылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелері талаптарын қатаң сақтау, жылдамдық режимін бақылау, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде барынша сақ болу, көліктің техникалық жағдайын қадағалау және ауа райының өзгерісін ескеру қажеттігін еске салды.

Оқи отырыңыз: Талдықорғандағы әйел өлімі: сотқа Бишімбаев ісінде сарапшы болған маман шақыртылды

Новости партнеров