Павлодар облысындағы өрт: Әскери ұшқыштар көмекке келді

08.10.2024 08:33

Бұл шаралар жетуі қиын аймақтарда өрттің таралуын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді

elements.envato.com

Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары өрт сөндіруге жұмылдырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Павлодар облысының Желтау ауылында болған ірі өртті сөндіру үшін Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелеріне Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшқыштары көмекке келді.

Аспалы су төгетін цистерналарды пайдалана отырып, Ми-17 бортының экипажы тәулік ішінде шамамен 36 тонна су тастады. Бұл шаралар жетуі қиын аймақтарда өрттің таралуын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.

Еске сала кетейік, 6 қазан күні Баянауылда жер өртеніп, бір ауылдың тұрғындары қауіпсіз аумаққа көшірілді.

Оқи отырыңыз: Жантүршігерлік апат: Талдықорғанда жаяу жүргіншіні жүк көлігі басып кетті