Көлік апатынан екі адам түрлі жарақат алды
Павлодар – Семей тасжолында жол апатынан бір адам қаза тапты. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Аққулы ауылынан 20 шақырым жерде Toyota Corolla автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жолдан шығып, кюветке аударылып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Corolla көлігінің жолаушысы көз жұмды, екі адам түрлі жарақат алды», - делінген хабарламада.
Облыстық полиция департаменті жүргізушілерге жолдағы жылдамдық режимін қатаң сақтау, қозғалысы көп және жолы күрделі учаскелерде барынша сақ болу, сондай-ақ көліктің техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді.
Оқи отырыңыз: Өрт қаупінің 5-санаты жарияланды: Алматы ТЖД тұрғындарға үндеу жариялады