Павлодар заңсыз саудамен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті

02.06.2025 19:27

Олар вейптер мен оларға арналған сұйықтықтарды сатқан

Павлодар облысында вейптер мен оларға арналған сұйықтықтарды заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар сауданы «Telegram» мессенджеріндегі онлайн-дүкендер арқылы жүргізіп, тауарды курьерлермен жеткізіп отырған. Ал түскен табысты заңдастыру мақсатында басқа адамдардың атына тіркелген жалған банк карталарын пайдаланған.

Айта кетейік, жыл басынан бері электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз айналымына қатысты 28 дерек анықталып, 291 мыңнан астам өнім тәркіленген.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында тауар сақтайтын қоймалар мен сату орындары анықталды. Құны 1,6 млрд теңгеден асатын 155 мыңнан астам вейп пен олардың бөлшектері тәркіленді.  Мүлікті тәркілеу мақсатында жалпы құны 37 миллион теңге болатын үш автокөлікке тыйым салынды», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Ресейде жасырынып келген Қазақстан азаматы елге қайтарылды