Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген кішкентай бала бір бүйрегінен айырылды

31.07.2025 15:44

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы өте ауыр

Sandra Seitamaa/ unsplash.com/

30 шілдеде Павлодарда әйел көпқабатты үйдің терезесінен екі баласын лақтырып, артынша өзі секіріп кетті. Қазір дәрігерлер балалардың өмірі үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Отадан кейін кішісінің жүрегі тоқтап қалған. Бірақ дәрігерлер оны құтқарып қалған. Павлодар облыстық балалар ауруханасы мәліметінше, 30 шілдеде кешке кішкентай балаға ота жасалған. Баланың жағдайы нашарлауына және ішкі қан кетуіне байланысты дәрігерлер қатты зақымдалған сол жақ бүйректі алып тастауға мәжбүр болған.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы өте ауыр.

"Баланың жағдайы тұрақсыз. Ол механикалық тыныс алу аппаратына қосылған", - деп түсіндірді емдеу мекемесі өкілдері.

Оқи отырыңыз: Алматыда ажырасқандардың саны 40 пайызға артқан