Павлодарда автобус велосипедшіні қағып өлтірді

21.05.2025 15:39

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады

Mathias Reding/unsplash.com/

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші Жібек жолы көшесімен келе жатып, Геринг көшесінің қиылысында жолдың жүріс бөлігін белгісіз жерде өтіп бара жатқан велосипедшіні қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Айта кетейік, көз жұмған велосипедші 61 жаста болған.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Оқи отырыңыз: Маңғыстаудың халықаралық әуежайдың құрылысы басталды