Павлодарда ер адамды пойыз қағып кетті
Almaty.tv
Іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Павлодарда ер адамды пойыз қағып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайғылы оқиға 6 сәуір күні кешке Кутузовский көпірі маңында болды. Марқұмның жасы 40 шамасында болған көрінеді.
«Павлодар стансасындағы желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.
Қазіргі уақытта бұл іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: Azattyq Rýhy.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
21.11.2026 15:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
21.11.2026 09:09
Жауапкершілікті сезіне біліңіз: 21 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
21.11.2026 09:41
Миды тынықтыруға көмектесетін қарапайым әдістер қандай
21.11.2026 16:54
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
21.11.2026 12:54