Павлодарда полицейлер тұрғыннан синтетикалық есірткі мен каннабис майын тәркіледі

14.11.2025 11:15

Сараптама нәтижесінде бұл заттың жалпы салмағы 7 грамм болатын синтетикалық есірткі екені анықталды

polisia.kz

Павлодар облысында жедел уәкілдерге жергілікті тұрғынның есірткі айналымына қатысы бар екендігі жөнінде жедел ақпарат түскен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ер адамды қала көшелерінің бірінде «жасырын қойып кеткен» кезде ұстады. 

Куәгерлердің қатысуымен жүргізілген жеке тінту кезінде ер адамнан ішіне ақ түсті зат салынған 12 полимерлі қаптама табылып, тәркіленді.

Сараптама нәтижесінде бұл заттың жалпы салмағы 7 грамм болатын синтетикалық есірткі екені анықталды.

"Тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту кезінде жалпы салмағы 3 грамнан асатын каннабис майы бар әйнек колбалар табылып, алынған. Есірткі заттарын сату мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу және өндіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды", — деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Оқи отырыңыз: Алматының туристік саласына құйылған инвестиция 113 млрд теңгеге жетті