Павлодарда саябақтан әйел адамның мәйіті табылды

17.04.2025 21:30

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

polisia.kz

Полиция қызметкерлері өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша тергеуді бастады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

16 сәуірде Усолка шағынауданындағы шаңғы базасы маңындағы парк аумағында жүргіншілер мәйіт тауып алған.

– Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы – «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі. – Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

Оқи отырыңыз: Елордада дәмханада уланғандардың жағдайы белгілі болды