Павлодарда шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетелдік ұсталды

15.05.2025 08:35

Шекара қызметінің мамандары Мемлекеттік шекараны бұзуға және оны ұйымдастыруға ұмтылған азаматтар заң алдында қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді

ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК Шекара қызметі Павлодар облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар күдікпен тағы екі азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Павлодар облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге талпынған шетел азаматын ұстады.

"Сонымен қатар, заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар күдікпен екі азамат қолға түсті. Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы 2 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", — деп хабарлады департаменттен.

Шекара қызметі тергеу мүддесіне байланысты, өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді. Шекара қызметінің мамандары Мемлекеттік шекараны бұзуға және оны ұйымдастыруға ұмтылған азаматтар заң алдында қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Оқи отырыңыз: Кәмелетке толмаған балаларды арнайы орталыққа жіберу тиімде ме