Павлодарда жүріп келе жатқан көлік өртеніп, бір отбасы зардап шекті

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Әйел адам екі баласымен бірге ауруханаға жеткізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Зардап шеккен ерлі-зайыптыларды балаларымен бірге ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар қаласы Олжабай батыр көшесі мекенжайы бойынша автокөліктің өртеніп кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

– Келген өрт сөндірушілер жедел сөндіруге кірісіп, жарылысқа жол бермеді, – деді департаментте.

Сондай-ақ жедел жәрдем қызметкерлері мен ТЖД АМО бригадасы зардап шеккен 5 адамға, оның ішінде әйел мен күйік шалған жүргізушіні қарап, оларға көмек көрсетіп, балаларымен бірге ауруханаға жеткізді.

Төтеншеліктер тұрғындарға автокөліктегі өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды ескертті.

Оқи отырыңыз: Каспий жағалауынан жүзден астам итбалықтың өлексесі табылды

Новости партнеров