Павлодарда жоғалып кеткен әйелдің киімдері Ертіс жағасынан табылды

21.11.2025 18:43

Тұрғын 17 қарашада үйінен шығып, оралмаған

Павлодарда жоғалып кеткен 48 жастағы әйелдің киімдері Ертіс жағасынан табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тұрғын 17 қарашада үйінен шығып, оралмаған. Әйел адамның жинақы бүктелген жеке заттарын еріктілер тауып, полицияға өткізіпті.

Айта кетейін, жоғалған азамат бұған дейін қатты бас ауруына шағымданған. Сондықтан, құтқарушылар әйелдің жағдайы аяқасты нашарлап кетуі мүмкін деген нұсқаны да алға тартып отыр. Сүңгуірлер іздеу жұмыстарына кірісті.

«Құтқару топтары дереу жөнелтілді. Қазір іздеу жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің 23 қызметкері, екі су кемесі, ұшқышсыз ұшатын аппарат жұмылдырылған. Іздеу жалғасуда», – деді Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Дастан Есқара.

Оқи отырыңыз: Жоғалып кеткен: Ақтөбеде ерлі-зайыптының денесі табылды