Павлодардағы дөңгелек жөндеу шеберханасында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Полицияның алдын ала дерегіне сүйенсек, жол бойында орналасқан орталықта жарылыс болып, жүк көлігінің дөңгелегін жөндеп жатқан жұмысшы ауыр жарақат алған.
Марқұм жедел жәрдем қызметі жеткенше көз жұмды. Қазір еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз: Елімізде өндірістегі жарақат көбейді: енді жұмыс беруші қызметкерді сақтандыруға міндетті