Перизат Қайрат колонияда қызметтік бөлмелерді тазалап жүр

08.04.2026 13:30

Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді

Almaty.tv

Жазасын өтеп жатқан Перизат Қайрат колонияда жұмыс істеп жүр. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Ведомство мәліметінше, ол мекеме ішінде еңбекке тартылған.

"Сотталған адам мекемеде жұмысқа орналастырылып, қызметтік бөлмелерді тазалаумен айналысып жүр", - деді комитет өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталған болатын.

Дереккөз:   Dalanews.kz