Перизат Қайрат екі айға қамауға алынды

16.11.2024 12:15

Бұл туралы Астана қаласының тергеу сотының баспасөз қызметі хабарлады

instagram.com/01pk

Су тасқынынан зардап шеккендерге, сондай-ақ Палестина тұрғындарына көмек ретінде жиналған қаржыны жымқырды деп күдіктелген Перизат Қайрат екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Астана қаласының тергеу сотының баспасөз қызметі хабарлады.

"2024 жылғы 15 қарашада сотқа тергеу органдарының күдікті П. Қайрат-қа қатысты 2 айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші келіп түсті.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2024 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен күдікті П. Қайрат–қа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды", - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге деректер жариялануға жатпайды.

Еске салсақ, BizBirgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының жетекшісі Пернизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Ал бүгін Қаржылық мониторинг агенттігі еріктіге қатысты тағы бір тың деректі жариялады. Онад Перизат Қайраттың сондай-ақ Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін жиналған 200 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінгені айтылды.

Оқи отырыңыз: Палестиналықтарға жиналған ақшаны иемденген: Перизат Қайрат туралы тағы бір дерек жарияланды