Петропавлда бойжеткенді зорлаған күдіктілер ұсталды

Сағат 3:00-де көршілер айғай-шу естіп, полиция шақыртқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавлда жалдамалы пәтерлердің бірінде 19 жастағы бойжеткенді зорлады деген күдікпен екі азамат ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға осыдан 5 күн бұрын Жәлел Қизатов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Сағат 3:00-де көршілер айғай-шу естіп, полиция шақыртқан. Тәртіп сақшылары келгенде пәтер ішіндегілер біраз уақыт есік ашпапты. Кейін есіктің ар жағынан көмек сұраған қыздың дауысы шыққан. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алайда тергеу құпиялығына байланысты оқиғаның толық мән-жайы әзірге жарияланбай отыр.

«Петрапавл қаласының 19 жастағы тұрғынын зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығының 27 және 25 жастағы екі тұрғынын анықтап, ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр», – деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы Нұрбек Баекин.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында екі адамды өлтірген екеуге сот үкімі шықты

 

 

 

Новости партнеров