Қазіргі уақытта осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Петропавлда полицейлер өткен дүйсенбі күні кешке 49 жастағы әйелді ұрып-соққан ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қала тұрғынының соққыға жығылғаны туралы ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты.
"Сағат 22:30 шамасында Петропавл қаласында белгісіз біреу бұзақылық ниетпен 49 жастағы әйелдің денсаулығына қасақана зиян келтірген", - делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыстық кодекстің 107-бабы "Бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқи отырыңыз: Түркістанда браконьерлерден қару-жарақ тәркіленді