Петропавлда өрт шыққан үйден 13 адам эвакуацияланды

27.10.2025 17:00

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр

ТЖМ

Петропавлда көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, 13 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтенше жағдай 27 қазан күні Болатбаев көшесіндегі үйлердің бірінде тіркелген. Алдын ала мәліметке сәйкес, балкондағы тұрмыстық заттар жанып кеткен. Жалынның жалпы аумағы шамамен 5 шаршы метрді құраған.

Құтқарушылар жедел әрекет етіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Астанада өндірістік цехтан ірі өрт шықты