Пластикті балмұздаққа айырбастады: Атыраулық балалар қаланы қоқыстан тазартуға үлес қосты

01.09.2026 19:51

Тазалық науқанына 50-ге жуық жеткіншек атсалысыпты

Атыраулық балалар пластиктен жасалған бөтелкелерді балмұздаққа айырбастап, аумақты қоқыстан тазартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тазалық науқанына 50-ге жуық жеткіншек атсалысыпты. Акция барысында 10 бөтелке үшін 1 балмұздақ берілді. Жағымды жаңалықты естіген балалар аулаларды аралап, көшелерді бөтелкелерден әп-сәтте тазартқан. Жиналған қалдықты балмұздақ тарататын орынға өткізіп отырыпты. Бұдан өзге «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясындағы «Таза жағалау» экологиялық іс-шарасына 300-ге жуық тұрғын үлес қосты. Нәтижесінде, 15 тонна тұрмыстық қалдық жиналды.

«Бұрын жағалау маңында қоқыс көп болса, қазіргі таңда сиреді.Кей де таппайсыз. Осыдан-ақ жұмыстың дұрыс бағытта жүргізіліп жатқаны байқалады», – деді Атырау облысы бойынша Экология департаменті бөлімінің бас маманы Рамазан Салық.

Оқи отырыңыз: Әуезов ауданында заманауи балабақшалар пайдалануға берілді

Толық көрсету