Күдіктінің жауыздық әрекетке мас күйінде барғаны белгілі болды
Қарағанды облысының Теміртау қаласында 63 жастағы зейнеткер бірге тұратын адамды жанжал кезінде пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күдіктінің жауыздық әрекетке мас күйінде барғаны белгілі болды. Бұл туралы Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Қзаір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Полиция қызметкерлерімен аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жәбірленушінің 63 жастағы азаматтық некедегі әйелі анықталып ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Айта кету керек, жәбірленуші және күдікті полицияның есебінде тұрмаған", – деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров
Оқи отырыңыз: СҚО-да 2 жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты