Биыл кіші Арал теңізінен 7400 тонна балық аулау жоспарланған

Облыста  9 балық өңдеу зауыты бар.

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сыр өңірінде балық өсіру тоғандарын көбейтуге басымдық беріліп жатыр. Бұл өз кезегінде теңізді өлкенің тынысын кеңейте түспек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыста жылдық қуаты 24 мың тонна болатын 9 балық өңдеу зауыты болса, оның бесеуі су маржанын терең өңдеуге көшкен. Яғни еурокод жүйесіне енген кәсіпорындар емін-еркін Еуропа елдеріне балықты саудалай алады. Былтыр өңірден 2 мың тоннаға жуық балық өнімдері экспортталған. Биыл да сыртқы нарықта сұранысқа ие су маржанын көбейту ісіне көшкен Аманөткел ауылындағы тоған жұмысын бастады.

Айта кетейік, жыл соңына дейін кіші Арал теңізінен 7400 тонна балық аулау жоспарланған.

"Жігіттер бұрын-соңды балық өсіріп көрмеген. Биыл тәжірибе жүзінде бірталай нәрсе үйрендік. Келесі жылы 120 тонна тауарлы балық шығарамыз деген жоспар бар. Бірінші өзіміздің өңірлерді қамтып алып, сосын қалғанын шетелге сатамыз", – деді балық өсіру тоғанының технологі Ератай Бөгенбаев.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында жаңа өнер мектебінің құрылысы басталады

Новости партнеров