Олжас Бектенов Ұлттық жобаны іске асыруда отандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейтуді тапсырды
Коммуналдық және энергетикалық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын іске асыру кезінде қазақстандық кәсіпорындарды қолдау мен жергілікті өндіріс орындарын жүктеу басты басымдыққа айналды. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік инвестициялар ең алдымен ұлттық экономиканы дамытуға қызмет етуі тиіс екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Үкімет басшысы отандық зауыттар мен фабрикаларға инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде кепілді тапсырыстар алуға мүмкіндік беретін нақты қадамдарды айқындады.
«Ұлттық жобаны іске асырудағы басым мәселе — отандық тауар өндірушілерді қолдау», — деді Олжас Бектенов.
Жергілікті өнімді құрылыс-жөндеу жұмыстарына барынша тарту үшін Премьер-министр бейінді ведомстволарға орындалу мерзімі нақты нақты міндеттер жүктеді:
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жоғары сапалы қазақстандық өнім тұрғанда шетелдік баламаларды сатып алуға жол бермеу үшін барлық процестерді координациялауды және қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Оқи отырыңыз: Коммуналдық саладағы реформа: өңірлерде ақылды есептегіштер орнату жоспары бекітіледі