Ол зорлық жасады деген айыппен қамалған
Кісен ашқан, түрмеден қашқан. Алматы облысында тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол зорлық жасады деген айыппен қамалған. Полицейлер кешелі-бері жолдарға блокбекет орнатып, ары-бері өткен көліктерді тінтіп жатыр. Қамауда отырған азамат 1998 жылы туған. Оның қашып шығуына қатысты да қызметтік тексеріс басталды. Күдіктіден көз жазып қалған полицейлер көрген-білгені болса, 102-ге айтуын өтініп отыр.
"Қашқынды іздеп, тауып, ұстау үшін барлық күш пен құрал жұмылдырылды. Сонымен қатар қашу жағдайын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізілуде. Жағдай облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында", – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.
Оқи отырыңыз: СҚО-да 2 жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты