Алматы облысының Боралдай кентіндегі теміржол өткелінде маршруттық автобус пойызбен соқтығысты. Оқиға салдарынан үш адам түрлі жарақат алды, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы — Боралдай — Шамалған станциясы автожолындағы теміржол өткелінде болған жол-көлік оқиғасына жол берген маршруттық автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, көмір станциясынан шыққан пойыз өткел арқылы өтіп бара жатқан. Осы сәтте маршруттық автобус жүргізушісі жол бермей, соқтығысқа жол берген.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді. Кейінірек полицияда бұл оқиғада үш адамның жарақат алғаны нақтыланды.
Оқи отырыңыз: Алматыны газға көшіру: газ турбиналары мен генераторлар орнатылуда