Қарудың 2022 жылы қаңтарда Алматыдағы дүкендердің бірінен жоғалғаны анықталды
Алматыда полицейлер ұрланған қару жасырылған орынды анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы мен жедел тергеу тобы және прокуратураның сотқа дейінгі тергеу басқармасы Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған атыс қаруын тапты.
«Алматы қаласының Жетісу ауданында Жансүгіров көшесінің бойындағы Үлкен Алматы каналының жанындағы бос ғимараттың ішінде тегіс ұңғылы 12 калибрлі атыс қаруы табылды. Табылған атыс қаруын криминалдық және ұрланған қарулар базасынан сериялық нөмірімен тексеру барысында жоғалған қару екені расталды», - делінген хабарламада.
Бұл қару 2022 жылы қаңтарда Алматыдағы Сейфуллин көшесіндегі "Оружейник" дүкенінен жоғалған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
Оқи отырыңыз: ШҚО-да есірткіні аса ірі мөлшерде таратумен айналысқан күдікті ұсталды