Полиция формасын киген мас жүргізуші ұсталды

Тексеру кезінде оның көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда ащы суға сылқия тойып алып, рұқсат етілмеген жерде автокөлігімен ұзақ аялдаған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ер адамның полиция формасын кигені куәгерлердің назарын аудартқан. Белгілі болғандай, рөлдегі азамат 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тексеру кезінде оның мас екені және көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталған. Ер адам жедел жәрдем көлігінің қызметкерлеріне бой бермеген соң оны полицейлер наркологиялық орталыққа алып кеткен.

Айта кетейік, облыстық Полиция департаменті ұсталған азамат құзырлы орган қызметкері еместігін және салаға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

 «Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің киімін киген үшін әкімшілік хаттама жасалуда. Жинақталған бар іс-құжаттар құқықтық баға беру үшін сотқа жолданады», – деді облыстық ПД полиция басқармасының баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Оқи отырыңыз: Есірткі тасымалы: Қарағанды облысында зейнеткер ұсталды

 

Новости партнеров