Бұл туралы Әділов Мәжіліс дәлізінде мәлімдеді
ІІМ басшысының орынбасары Санжар Әділов полиция Тәуелсіздік күні қарсаңында қызмет режимін күшейтетінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Әділов Мәжіліс дәлізінде мәлімдеді.
"Ішкі істер органдарының ең басты міндеті - қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. "Заң және тәртіп" қағидатына сәйкес азаматтарымыз демалатын және демалыс күндерін қоғамдық орындарда өткізетін мереке күндері полиция міндетті түрде қызмет көрсетудің күшейтілген режиміне көшеді", - деді ол.
Айта кетейік, биыл 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнідүйсенбіге тұспа-тұс келеді:
Оқи отырыңыз: Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» акциясы жалғасуда