Танымал әнші Жазира Байырбекова тегін ауыстырды, — деп хабарлайды Almaty.tv.
Өнер иесі өміріндегі бұл жаңалықпен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол өз жазбасында атасының есімі Ыса болғанын және бұдан былай Жазира Ыса болып жазылатынын жеткізді.
«Менің атам - Ыса! Аты-жөнім - Жазира Ыса», — деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншінің бұл шешімін бірден қолдап, ақ тілектерін білдірді.
Оқи отырыңыз: Алматыда 8-14 маусым аралығында ауа райы қандай болады