Аида Балаева бұл өзгерістердің атқамінерлерге қатысы жоғын айтты
Елімізде пранк пен әлеуметтік эксперименттерді түсіруге тыйым салынуы мүмкін. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Сенат кулуарында «Масс-медиа туралы» заңға енгізілуі ықтимал өзгерістер жайлы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның сөзінше, қоғамда бейтаныс адамдарды рұқсатсыз суретке, видеоға түсіріп, түрлі пранк пен әлеуметтік эксперименттер жасайтындар көбейіп кеткен. Бұндай блогерлер қарапайым халықты ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Сондай-ақ ол бұл өзгерістердің атқамінерлерге қатысы жоғын айтты.
«Бұл мәселенің лауазымды тұлғаларға қатысы жоқ. Өз міндетін атқарып жүрген мемлекеттік қызметкерлер бұл жағдайға үйреніп қалған. Бірақ кейде пранк, кейбір түсірілімдер рұқсатсыз жүргізіледі. Осы норманы біз талқылаймыз. Жұмыс тобы әлі құрылған жоқ», – деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Оқи отырыңыз: Азық-түлік бағасын негізсіз көтергендер қатаң жазаланбақ