Үкімет өңірлердің көктемгі егіс жұмыстарына дайындығын тексеруде

12.05.2026 10:30

Премьер-министр егіс науқанына Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі тікелей байланысты екенін атап өтті

Depositphotos.com

Президенттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы: Үкіметте көктемгі егіс жұмыстарының барысы қаралуда, — деп хабарлайды Almaty.tv Үкіметтің баспаөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов егіс науқанын сапалы өткізу еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей әсер ететінін баса айтты.

«Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы аграрлық саланы дамыту мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Бұл міндетті шешудің негізгі шарты — көктемгі егіс жұмыстарын сапалы әрі уақтылы жүргізу», — деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов.

Отырыста Ауыл шаруашылығы, Энергетика, Экология және табиғи ресурстар, Су ресурстары және ирригация министрліктерінің, сондай-ақ Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары әкімдіктері мен «Бәйтерек» холдингінің жұмысы қаралуда.

Оқи отырыңыз: Алматыда 11-17 мамыр аралығында ауа райы қандай болады