Премьер-министр Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыру бойынша тапсырмалар берді

11.08.2026 14:06

Аталған мәселелер бойынша бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрландыру министрі Жаслан Мәдиевке жүктел

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысының барысында Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарын келісу жұмысын дереу аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Digital Qazaqstan стратегиясы қабылданды. Бірақ оны іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарын келісу жұмысы созылып кетті. Жасанды интеллект министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жұмысты дереу аяқтап, бір апта ішінде Үкіметке тиісті қаулы жобасын енгізуді тапсырамын»,  — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Аталған мәселелер бойынша бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрландыру министрі Жаслан Мәдиевке жүктелді.

Оқи отырыңыз: Елде әр кәсіпкердің цифрлық профилі жасалады

Толық көрсету